
Алматы қаласы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі К. М. Малдыбаев Алматы қаласы полиция департаментінің арнайы қабылдап-тарату орнына профилактикалық бару-мониторингін жүзеге асырды. Келу барысында қабылдағышқа жеткізілген адамдар ұсталатын камералар қаралды. Қабылдағыш қызметкерлерімен ұсталғандармен жұмыс істеу стандарттарына қатысты әңгіме жүргізілді, сондай-ақ ұсталғандардың іргелі құқықтары түсіндірілді.