Алматы қ. ҰҚКД-мен жұмыс кездесуі өткізілді

Алматы қ. ҰҚКД-мен жұмыс кездесуі өткізілді

Алматы қаласы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі К. М. Малдыбаев Алматы қаласы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Тергеу изоляторының қызметкерлерімен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесу барысында қамауға алу кезінде азаматтардың құқықтарын сақтау мәселелері, тергеу изоляторларында ұстау және жағдай мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, өкіл ұсталған адамдарға қатысты азаптаулар мен басқа да қатыгездіктердің жолын кесуге қатысты басшылықпен әңгіме жүргізді.