Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Алматыдағы өкілі Қ.Малдыбаев «АМАНАТ» партиясының Алматы қалалық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының отырысына қатысты. Қатысушылар әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және ата-ана жауапкершілігін арттыру мәселелерін талқылады.
Ақпараттық жұмысты күшейту, халық көп жиналатын орындарда бейнероликтер мен баннерлер орналастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру және тәлімгерлік қызметті дамыту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ полиция қызметкерлерін қолдау, дағдарыс орталықтарын ашу, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу тетіктерін жетілдіру шаралары талқыланды.