Алматы қаласы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Қ. Малдыбаев құқықтық білім беру аясында Әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінің студенттерімен кездесу өткізді.
Кездесу аясында университет студенттерінің алдында адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық өкілдігінің адам құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру, нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мәселелері бойынша жүргізіліп жатқан жұмысы туралы, сондай-ақ қабылданған "Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы" Конституциялық заң туралы дәріс оқыды.