Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Алматы қаласы бойынша өкілдігі қызметкерлері ҰАТ-не арналған вебинарға қатысты

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Алматы қаласы бойынша өкілдігі қызметкерлері ҰАТ-не арналған вебинарға қатысты

Адам құқықтары жөніндегі орталықтың Алматы қаласы бойынша өкілдігінің қызметкерлері «Ұлттық алдын алу тетігі (ҰАТ) қатысушыларының жабық мекемелердің медициналық бөлімдерін мониторингілеуі: стандарттар мен басымдықтар» тақырыбында  өткен вебинарға қатысты.

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің мүшесі Л.А. Багирова баяндама жасап, азаматтардың құқықтарын қорғау тиімділігі көбіне есептік құжаттаманың толықтығына, нақтылығына және объективтілігіне байланысты екенін атап өтті.

Вебинар барысында сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің хатшысы Р.П. Шер және Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық басшысының орынбасары Ж.К. Бакашбаев және т.б. қатысушылар сөз сөйледі.

Қорытындысында қатысушылар мұндай вебинарларды жүйелі түрде өткізу мониторинг сапасын арттырудың, ҰАТ институтын нығайтудың маңызды құралы болып табылатынын және түптеп келгенде жабық мекемелердегі адамдардың құқықтарын неғұрлым тиімді қорғауға ықпал ететінін атап өтті.