
Өкілдік тарапынан Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Ерте араласу әлеуметтік қызметтер орталығы» КММ-не мониторингтік бару жүзеге асырылды.
Барудың мақсаты — қызмет алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын, сондай-ақ Орталықта болу жағдайларын бағалау. Мониторинг барысында мекеменің жұмысын ұйымдастыру, көрсетілетін қызметтердің сапасы және балалар мен олардың отбасылары үшін жасалған жағдайлар зерделенді.
Орталық дамуында бұзылыстары бар және олардың туындау қаупі бар 0-ден 4 жасқа дейінгі балаларға, сондай-ақ олардың отбасыларына әлеуметтік және түзету қызметтерін көрсетіп, ерте қолдау мен баланың негізгі дағдыларын дамытуға жәрдемдеседі