Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы «Еркіндік рухы» жастар құқықтары жөніндегі комиссиясының қатысушыларымен бірлесіп, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «Жаңа Конституция – Жаңа буын» атты білім беру тренингін өткізді

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы «Еркіндік рухы» жастар құқықтары жөніндегі комиссиясының қатысушыларымен бірлесіп, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «Жаңа Конституция – Жаңа буын» атты білім беру тренингін өткізді

2026 жылғы 17 сәуірде Алматы қаласында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінде «Жаңа Конституция – жаңа буын» тақырыбында білім беру тренингі өтті. Іс-шараны заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығы және Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы «Еркіндік рухы» жастар құқықтары жөніндегі комиссиясымен бірлесіп ұйымдастырды.

Тренинг Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясындағы негізгі құқық қорғау ережелерін, Омбудсмен институтының қызметін, сондай-ақ құқықтық мемлекет қалыптастырудағы жастардың рөлін талқылауға арналған ашық диалог алаңы ретінде өтті.

Құттықтау сөзбен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма Төрағасының орынбасары – Бірінші проректор, заң ғылымдарының докторы, профессор Еркін Ерманұлы Дүйсенов сөз сөйледі. Іс-шара спикерлері ретінде Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығының басшысы Динара Қанатқызы Тәженова, «Еркіндік рухы» жастар құқықтары жөніндегі комиссиясының қатысушысы Давид Шарипов, Еуропа Кеңесі Адам құқықтары және құқықтық ынтымақтастық департаменті, Адам құқықтары жөніндегі директораттың І Дивизионы III бөлімінің басшысы Конуль Гасимова, сондай-ақ Алматы қаласы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Малдыбаев Қ.М. қатысты.

Іс-шара модераторы – қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының доцентінің міндетін атқарушысы, PhD, «Еркіндік рухы» комиссиясының қатысушысы Сураева Карина Сергеевна. Сондай-ақ бағдарламаға «Еркіндік рухы» өкілдері де қатысты.

Бағдарлама аясында мазмұнды баяндамалар, сұрақ-жауап сессиясы және университет кампусымен таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылды.