
«ТМД елдерінде «Денсаулық және адам құқықтары апталығы» акциясы аясында, сондай-ақ БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының №3 «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» мақсатын іске асыру мақсатында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «ҚазҰУ-дағы сергіту жаттығуы» атты спорттық-ағартушылық флешмоб акциясы өтті. Аталған іс-шара Алматы қаласы бойынша Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің өкілі Малдыбаев К.М., сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы «Еркіндік рухы» жастар қанатының қатысушысы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының доценті міндетін атқарушы Сураева К.С.-мен бірлесіп ұйымдастырылды.
Іс-шараға заң факультетінің 2 және 3 курс студенттері қатысты. Акция аясында таңғы сергіту жаттығулары өткізіліп, сонымен қатар денсаулыққа құқық, физикалық әл-ауқат және жалпы адам құқықтарын жүзеге асырудың өзара байланысын түсіндіруге бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Аталған іс-шараны жүзеге асыру БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары көрсеткіштеріне қол жеткізуге, атап айтқанда халықтың денсаулығы мен әл-ауқатын нығайтуға, жастардың әлеуметтік маңызы бар бастамаларға қатысуын кеңейтуге, сондай-ақ академиялық қауымдастық пен құқық қорғау институттары арасындағы өзара іс-қимылды дамытуға ықпал етеді.
Акцияны өткізу тұрақты даму күн тәртібін білім беру үдерісі мен сыныптан тыс қызметке интеграциялаудың маңыздылығын айқындай отырып, болашақ заңгерлердің адам құқықтарын қамтамасыз етуге және тұрақты даму қағидаттарын ұстануға бағытталған құзыреттерін қалыптастырады.
#Денсаулық_және_Құқықтар_ТМД»