
Өкілдік Алматы қаласы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторы қызметкерлерімен жұмыс кездесуін өткізді.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Конституциясының талаптары және азаптауға, зорлық-зомбылыққа, сондай-ақ адамның қадір-қасиетін қорлайтын қатынастың кез келген түріне абсолютті тыйым салу жөніндегі халықаралық міндеттемелер түсіндірілді.
Қамауда отырған адамдардың құқықтарын сақтау, қауіпсіз ұстау жағдайларын қамтамасыз ету, сондай-ақ қызметкерлердің қолданылатын шаралардың заңдылығы үшін жеке жауапкершілігі мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалануға жол берілмейтіні және құқық бұзушылықтар туралы кез келген шағымдар мен хабарламаларға міндетті түрде ден қою қажеттігі атап өтілді.
Азаптауға нөлдік төзімділік қалыптастыру, ішкі бақылауды күшейту және персоналдың кәсіби даярлық деңгейін арттыру қажеттілігі көрсетілді.