Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі «НАК «Қазатомпром» АҚ-пен өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Құжат адам құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға, тәжірибе алмасуға, бірлескен іс-шаралар өткізуге және компания қызметкерлерінің құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған.
Меморандумға қол қою аясында кәсіпорын ұжымымен кездесу ұйымдастырылып, қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғау бойынша негізгі мәселелер талқыланды.
Сонымен қатар, қызметкерлер мен жұмыс берушілер үшін еңбек құқықтары бойынша оқыту семинары өткізілді. Семинар барысында еңбек заңнамасының негізгі талаптары, қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ еңбек дауларын шешу тетіктері түсіндірілді.