
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті жанындағы ведомствоаралық жұмыс тобының көшпелі отырысына қатысу қамтамасыз етілді.
Іс-шара аясында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалының мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметінде заңнама талаптарының сақталуына мониторинг жүргізілді.
Азаматтарға жүргізуші куәліктерін беру, сондай-ақ көлік құралдарын тіркеу, есепке алу және есептен шығару, көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктер мен мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін беру саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету үдерістеріне ерекше назар аударылды.
Көшпелі отырыстың мақсаты – мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын сақтау.