
Алматы қаласында қылмыстық сот төрелігі саласында адам құқықтарының сақталуы және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері бойынша Азаматтық альянс Алматы өкілдерінің, үкіметтік емес ұйымдар жетекшілерінің, адвокаттардың және азаматтық белсенділердің қатысуымен кездесу өтті.
Талқылау барысында әділ сот талқылауын қамтамасыз ету, процестік кепілдіктерді сақтау, білікті заң көмегіне қол жеткізу, сондай-ақ азаптау мен қатыгез қарым-қатынастың алдын алу мәселелері көтерілді.
Құқық қорғау органдары қызметінің ашықтығын арттыру және қоғамдық бақылаудың рөліне ерекше назар аударылды.
Мемлекеттік органдар, кәсіби қауымдастық және азаматтық қоғам арасындағы сындарлы диалогтың адам құқықтарын қорғауды қамтамасыз етудегі маңыздылығы атап өтілді.