
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың өкілдігі «Еркіндік рухы» жастар қанатының өкілі К. Сураевамен бірлесіп студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған іс-шара өткізді. Кездесу барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтының қызметі, оның негізгі бағыттары, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктері туралы ақпарат берілді. Студенттерге өз құқықтары түсіндіріліп, олар бұзылған жағдайда қорғау үшін қайда және қалай жүгінуге болатыны туралы мәліметтер ұсынылды. Іс-шара барысында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру және құқықтық мәдениетті нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, адам құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік алды. Осындай іс-шараларды өткізу жастар арасында құқықтық сананы арттыруға және адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау институттарымен өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді.