
Әйелдердің қоғамдағы мәртебесін арттыру және олардың құқықтық мүмкіндіктерін кеңейту мемлекеттік саясаттың маңызды басымдықтарының бірі болып табылады. Әйелдердің құқықтары туралы білімін арттыру және олардың толыққанды өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасау қоғамдық дамудың маңызды факторы ретінде қарастырылады.
Әйелдер қоғамдық тұрақтылықты сақтауда, жанжалдардың алдын алуда және диалог мәдениетін дамытуда үлкен рөл атқарады. Олардың қоғамдық-саяси өмірге, бейбітшілік бастамаларына және шешім қабылдау процестеріне қатысуы басқарудың тұрақты әрі инклюзивті жүйелерін қалыптастыруға ықпал етеді. Мемлекет әйелдердің көшбасшылық әлеуетін дамытуға қолдау көрсетіп, олардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді және биліктің әртүрлі деңгейлеріндегі қатысуын арттыруға жағдай жасайды.
Сонымен қатар әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық түрлерін жою туралы халықаралық міндеттемелерді орындауға ерекше көңіл бөлінеді. Гендерлік теңдік қағидаттарын дамыту қоғамдағы тұрақтылықты нығайтып, тұрақты дамуға ықпал етеді және адам құқықтарын қорғау саласында мемлекеттің халықаралық беделін арттырады.