Қазақстанда азаматтық және саяси құқықтарды дамыту саясаты әрбір азаматтың өз құқықтары мен заңды мүдделерін еркін жүзеге асыруына мүмкіндік беретін жағдайлар қалыптастыруға бағытталған.

Қазақстанда азаматтық және саяси құқықтарды дамыту саясаты әрбір азаматтың өз құқықтары мен заңды мүдделерін еркін жүзеге асыруына мүмкіндік беретін жағдайлар қалыптастыруға бағытталған.

Қазақстанда азаматтық және саяси құқықтарды дамыту саясаты әрбір азаматтың өз құқықтары мен заңды мүдделерін еркін жүзеге асыруына мүмкіндік беретін жағдайлар қалыптастыруға бағытталған. Бұл саясаттың негізін Конституция мен қолданыстағы заңнаманың нормалары құрайды, онда адам құқықтары мен бостандықтарының басымдығы, заң алдындағы теңдік және кез келген кемсітушілікке жол бермеу қағидаттары бекітілген.

Мемлекеттік органдар басқарудың ашық әрі жауапты жүйесін дамытуға, пікір мен сенім білдіру еркіндігін қамтамасыз етуге, азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы мен бірлестіктер құру құқығын қолдауға назар аударады. Сонымен қатар сот жүйесін жетілдіру, құқық қорғау органдары қызметінің ашықтығын арттыру және қоғамның мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайту бағытында шаралар жүзеге асырылуда.

Сонымен бірге адам құқықтарын қорғау тетіктерін дамытуға, мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге, халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға және халықаралық стандарттарды сақтауға ерекше көңіл бөлінеді.