
Өкілдік тарапынан Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылығы және қызметкерлерімен өзекті құқықтық мәселелерді түсіндіру мақсатында кездесу өткізілді.
Іс-шара барысында сотталғандардың құқықтарын сақтау, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде заңдылықты қамтамасыз ету, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасының негізгі баптары талқыланды.
Қызметкерлердің құқықтық мәдениетін арттыруға, ықтимал құқық бұзушылықтардың алдын алуға және конституциялық нормаларды күнделікті қызметте қолдануға ерекше көңіл бөлінді. Мұндай кездесулер пенитенциарлық жүйеде заңдылықты, әділдікті және гуманистік қағидаларды нығайтуға ықпал етеді.