Алматы қаласы бойынша ДУИС мекемесінде құқықтық түсіндіру жұмысы жүргізілді

Алматы қаласы бойынша ДУИС мекемесінде құқықтық түсіндіру жұмысы жүргізілді

Өкілдік тарапынан Алматы қаласы бойынша ҚАЖД мекемесінің қызметкерлерімен құқықтық түсіндіру кездесуі өткізілді Алматы.

Іс-шара барысында сотталған адамдардың құқықтарын сақтау, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері түсіндіріліп, сондай-ақ Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасы талқыланды.

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктерін нығайтуға, қызметкерлердің құқықтық мәдениетін арттыруға және конституциялық қағидаларды практикалық қызметте іске асыруға ерекше назар аударылды.

Мұндай кездесулерді өткізу пенитенциарлық жүйе қызметінде заңдылық пен әділдік қағидаттарын нығайтуға бағытталған.