Алматы қаласының білім беру ұйымдарында балалардың құқықтары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Алматы қаласының білім беру ұйымдарында балалардың құқықтары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Өкілдік тарапынан Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің мүшесі және «Еркіндік рухы» жастар қанатының өкілімен бірлесіп балалардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылды.

Кездесулер Алматы қаласы Білім басқармасының №2 арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығында, сондай-ақ №1 арнайы мектеп-интернатында өтті.

Іс-шара барысында тәрбиеленушілер мен педагогтерге балалардың негізгі құқықтары мен заңды мүдделері, оларды қорғау тетіктері, сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі уәкілге жүгіну тәртібі түсіндірілді. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алып, өзекті мәселелерді талқылады.

Мұндай іс-шаралар балалардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал етеді.