
Алматы қаласы бойынша Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың өкілдігімен студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған құқықтық түсіндіру жұмыстары бойынша дәріс ұйымдастырылды. Іс-шара барысында адам құқықтарын қорғаудың негізгі мәселелері, оларды іске асыру тетіктері және бұзылған құқықтарды қорғаудың құқықтық тәсілдері қаралды. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтар қоюға, өзекті құқықтық жағдайларды талқылауға және практикалық кейстер бойынша түсініктемелер алуға мүмкіндік алды.
Сонымен қатар «Адал азамат және адам құқықтары» тақырыбында әңгіме өткізілді, оның барысында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, адалдық пен азаматтық жауапкершілік қағидалары, сондай-ақ адам құқықтарын сақтау мен қорғау мәселелері талқыланды.