
Алматы қаласында инклюзивті ортаны дамыту жөніндегі Кеңестің отырысы өтті, оған Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі қатысты. Отырыста мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау мәселелері, сондай-ақ қала инфрақұрылымының халықтың қозғалысы шектеулі топтары үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша кедергісіз және инклюзивті қалалық ортаны дамытуға бағытталған ұсынымдар әзірленді.