
Алматы қаласы полиция департаментінің қызметкерлерімен кездесу өтті, оның барысында тұрмыстық зорлық-зомбылықты анықтау мен алдын алудың, сондай-ақ зардап шеккендерге қолдау көрсетудің өзекті мәселелері талқыланды.
Полиция жұмысының тиімділігін арттыруға, әлеуметтік қызметтермен және қоғамдық ұйымдармен тәжірибе алмасуға, сондай-ақ жүргізіліп жатқан алдын алу шараларына ерекше назар аударылды. Қатысушылар азаматтардың құқықтарын қорғауға және отбасындағы қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған тұрақты өзара іс-қимыл және бірлескен іс-шаралар өткізу туралы уағдаласты.
Сондай-ақ, кездесу барысында адам мен азаматтың 40 іргелі құқықтары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.