Алматы қаласы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі К. М. Малдыбаев ұлттық алдын алу тетігі институты (ҰАТ) туралы ақпараттандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар шеңберінде қоғамдық ұйымдар мен Алматы қаласы әкімдігінің өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында іс-шараға қатысушылар БҰҰ-ның халықаралық шарттарына сәйкес құрылған азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын қарым-қатынас пен жаза түрлерінің алдын алу жүйесін білдіретін ҰАТ қызметі туралы хабардар етілді.
Бұдан басқа, ҰАТ мақсаттары мен міндеттері, сондай-ақ оған қатысушылардың құқықтары мен міндеттері қозғалды және Қазақстандағы ҰАТ институты "Омбудсмен+" моделі негізінде жұмыс істейді, бұл омбудсмен институтының үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтық қоғам ұйымдарының өкілдерімен бірлесіп ҰАТ қызметін үйлестіруін білдіреді.