Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Алматы қаласы бойынша өкілі Қ.Малдыбаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған конференцияға қатысты. Конференцияның мақсаты – Тәуелсіз Қазақстанның ең маңызды атрибуттары, оның егемендігін, мәдени мұрасы мен құндылықтарын бейнелейтін Мемлекеттік Тудың, Мемлекеттік Елтаңбаның және Мемлекеттік Әнұранның маңызын қоғамда тереңірек түсіну. Жыл сайын 4 маусымда атап өтілетін Мемлекеттік рәміздер күні әрбір қазақстандыққа тәуелсіздікті сақтау, ұлттық құндылықтарды құрметтеу және белсенді азаматтық ұстаным жауапкершілігін еске салады.