Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығының Алматы қаласы бойынша өкілдігі Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментімен, Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен, Қазақстан Республикасы Еңбек министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің департаментімен, ҰАТ қатысушыларымен, Алматы қаласы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен жабық әлеуметтік мекемелерде және түзеу мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша дөңгелек үстелдер өткізілді. Кездесулер барысында осы тақырып бойынша өзекті мәселелер мен түйткілдер талқыланып, тиісті ұсыныстар берілді.