Қ.М. Малдыбаев Алматы қалалық білім басқармасының Арнайы білім беру мектебінде болды

Қ.М. Малдыбаев Алматы қалалық білім басқармасының Арнайы білім беру мектебінде болды
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Алматы қаласы бойынша өкілінің профилактикалық сапарлары аясында Қ.М. Малдыбаев Алматы қалалық білім басқармасының Арнайы білім беру мектебінде болды. Оның мақсаты мінез-құлқы қиын балаларды оңалту мақсатында оқыту мен тәрбиелеу болып табылады
және әрбір оқушының өзін-өзі жүзеге асыруы, балалардың қоғамға бейімделуі.
Өкіл балалардың тұрмыс жағдайымен танысып, оқу кабинеттерін аралап, оқушылардың оқу материалдарымен танысты. Сонымен қатар, Өкіл мектеп оқушыларымен және мектеп басшылығымен балалардың болу және білім алу шарттарының нормаларын сақтау туралы әңгімелесті.