Отырыстың күн тәртібінде ұлттық алдын алу тетігі (ҰАТ) қатысушыларының 2024 жылғы алдын ала бару қорытындылары бойынша жинақталған баяндамасын дайындау жөніндегі жұмыс тобының құрамын және оны қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту мәселелері қаралды. Ұйымдастырушылық мәселелер де талқыланды.
Заңнамаға сәйкес Үйлестіру кеңесі жыл сайын мемлекеттік органдарға арналған ұсынымдарды қамтитын жинақталған баяндама дайындайды. Құжатта адамдарды мекемелерде ұстау жағдайларын жақсарту жөніндегі ұсыныстар, азаптаулардың және қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын қарым-қатынас пен жазаның басқа да түрлерінің алдын алу жөніндегі шаралар, сондай-ақ алдын ала бару нәтижелері негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсынымдар көрсетіледі. Баяндама мемлекеттік органдарға қарау үшін жіберіледі және Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ресми сайтында орналастырылады.
Ұйымдастыру мәселелерінің қатарында отырысқа қатысушылар Үйлестіру кеңесінің көшпелі отырысын жоспарлауды және ҰАТ институтының қызметін жариялау жөніндегі іс-шараларды талқылады.