Адам құқықтарын қорғау – заманауи мемлекеттің басты міндеті. Бұл мемлекеттің демократиялық құндылықтарға және заң үстемдігі қағидаттарына адалдығын көрсетеді.
Қазақстан Республикасы адам құқықтары саласындағы 70-тен астам халықаралық келісімдердің қатысушысы ретінде халықаралық стандарттарды ұлттық заңнамаға жүйелі түрде енгізуде.
Қазақстан БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасымен тығыз ынтымақтастық орнатып, әмбебап кезеңдік шолуға қатысады.
Қазақстан Республикасы БҰҰ-ның алты комитетінің азаматтардың жеке шағымдарын қабылдау және қарау құзыретін мойындады. Аталған комитеттер:
Еліміз демократиялық және саяси реформаларды жүзеге асыруда өңірлік көшбасшылардың бірі болып табылады. Сонымен қатар, адам құқықтарын қорғау саласындағы бастамаларға белсенді түрде қатысады.
Бұл реформалар «Әділетті Қазақстан» құруға бағытталған саяси трансформацияның маңызды бөлігі ретінде танылып, адам құқықтарын қамтамасыз ету мен қорғауға елеулі үлес қосты.
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Алматы облысы бойынша өкілдігі “Әділетті Қазақстан” концепциясын жүзеге асыруда белсенді жұмыс атқарып келеді.
Адам құқықтары жөніндігі уәкілдің Алматы облысы бойынша өкілі 2024 жылдың 10 желтоқсанында Уәкіл институты ұйымдастырған «Қазақстандағы адам құқықтарын қорғау: сын тегеуріндер мен перспективалар» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты. Іс-шараның мақсаты – адам құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар және азаматтық қоғам арасындағы ынтымақтастықты нығайту болып табылады.
2024 жылы Алматы облысындағы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық өкілдігіне 147 өтініш түсті. Түскен шағымдар бойынша төмендегідей іс-әрекеттер атқарылды:
Мысалы сотталған М. зейнетке шығу құқығын қамтамасыз ету үшін көмек сұрады, себебі мекеме әкімшілігі арқылы жіберілген алдыңғы өтініштер нәтиже бермеген. Шағымды қарау барысында Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментіне ұсыным енгізілді. Енгізіген ұсыным негізінде М.-ның құқығы қалпына келтіріліп, ол зейнетке шықты.
Бұдан басқа, азаматша Г. 30 жылдан астам уақыт бойы жеке куәлігін ала алмай жүргенін хабарлады. Жеке куәліктің болмауынан ол өзінің мүлігін тіркей алмай, көлік құралдарын еркін пайдалана алмайтын болған. Уәкіл өкілінің ұсынысы нәтижесінде Г.-ға жеке куәлігі берілді.
2024 жылы барлығы 27 мекеме тексерілді, оның ішінде 3 тексеру ұлттық алдын алу механизмімен бірге жүргізілді. Анықталған заңбұзушылықтар бойынша атқарушы органдарға ұсыныстар жіберілді.
Сонымен қатар, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Алматы облысы бойынша өкілдігі халықты құқықтық сауаттандыру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізді. Өткен жылы Еңбекшіқазақ, Балқаш және Кеген аудандарының тұрғындарымен және құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесулер өткізілді. Облыстың жалпы білім беретін мектептерінде «Әрбір адамның Конституциялық құқықтары» тақырыбында дәріс оқылды.
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жоспары негізінде Өкілдік азаматтардың құқықтарын қорғау және «Әділетті Қазақстан» ұлттық жоспарын жүзеге асыру бойынша 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын әзірледі.
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары
жөніндегі уәкілдің
Алматы облысы бойынша өкілі Сұлтанқұлов Э.С.