
2025 жылдың 29 қазанында Алматы облысы бойынша Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің өкілі М.Ж. Мағжанов Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №57 мекемесінің жұмысын қарау бойынша жедел кеңеске қатысты.
Жедел кеңес барысында М.Ж. Мағжанов №57 мекеме қызметкерлерін 1998 жылдың 29 маусымында Қазақстан Республикасы ратификациялаған «Азаптауға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынасқа немесе жазалауға қарсы конвенцияның» негізгі ережелерімен таныстырды.
Сонымен қатар, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өкілі өз сөзінде бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан сотталғандардың құқықтарын қатаң сақтау, сотталғандарға азаптау мен басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас түрлерін қолдануға жол бермеу, сондай-ақ мұндай бұзушылықтар үшін белгіленген жауапкершілік мәселелеріне тоқталды.