Райымбек ауданындағы полиция бөлімшелеріне жоспарлы мониторингтік сапар

Райымбек ауданындағы полиция бөлімшелеріне жоспарлы мониторингтік сапар

Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Алматы облысы бойынша өкілі М.Ж. Мағжановтың, облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өкілдерінің 2025 жылдың II жартыжылдығына арналған бағынысты мекемелер мен басқа ұйымдарды бақылау жоспарын орындау аясында Райымбек ауданы полиция бөлімінің №1,2 учаскелік полиция пункті бөлімі мен кезекші бөлімше жанындағы арнайы бөлмесіне бақылауға бару жүзеге асырылды.

Іс-сапар аясында арнайы бөлме, учаскелік полиция пунктінің қызметтік бөлмелері тексерілді, учаскелік полиция инспекторларының жұмысты ұйымдастыруы, құжат жүргізуі, профилактикалық бақылау және есепте тұрған тұлғалармен жеке профилактикалық жұмыс жүргізуі зерделенді.

Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №1095 бұйрығына сәйкес барлық учаскелік инспекторлар әкімшілік учаскенің ерекшеліктері туралы хабардар болу мақсатында қызмет ететін әкімшілік учаскелеріне электрондық паспорттар, есепке алу мен бақылауға жататын тұлғалардың сәйкес тізімдері, жұмыс дәптері жүргізіледі.

Тексеру барысында учаскелік инспекторлармен және полиция бөлімі қызметкерлерімен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қатаң сақтау туралы әңгімелер өткізілді.

Бару қорытындысы бойынша полиция бөлімі қызметкерлерінің жұмысында туындайтын мәселелер талқыланды және сәйкес ұсыныстар берілді.