Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің Алматы облысы бойынша өкілінің міндетін атқарушы М.Ж. Мағжанов, Д.Б. Жамбыл аудандық прокуратурасының прокуроры Ботай жұмыс сапары аясында Жамбыл АІІБ-нің No1, 4, 19 учаскелік полиция бөлімшелеріне жоспарлы мониторинг жүргізді.
Іс-сапар барысында учаскелік полиция бөлімшелерінің қызметтік үй-жайлары тексеріліп, учаскелік полиция инспекторларының жұмысын ұйымдастыру, олардың есебін жүргізу, профилактикалық бақылау, есепте тұрған тұлғалармен жеке профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1095 бұйрығына сәйкес барлық учаскелік инспекторлар өздерінің әкімшілік учаскелерінің ерекшеліктері туралы толық ақпараттандыруды қамтамасыз ету үшін тіркеуге және бақылауға жататын тұлғалардың тиісті тізімдерімен және еңбек кітапшаларымен бірге өздері қызмет көрсететін әкімшілік учаскелердің электрондық есебін жүргізеді.
Жалпы, аталған учаскелік полиция пункттерінің жұмысы құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары бойынша белгіленген талаптарға сай.
Іссапар қорытындысы бойынша учаскелік полиция қызметкерлерімен кездесетін түйткілді мәселелер талқыланып, тиісті ұсыныстар берілді.