Азаматтарды жеке қабылдау жүзеге асырылды

Азаматтарды жеке қабылдау жүзеге асырылды

ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өкілі А.Ж.Байдуллинаға 2025 жылғы 15 және 19 мамырында өкілдік кеңсесінде өткен азаматтарды жеке қабылдау барысында сот шешіміне наразылық, еңбек құқықтарының бұзылуы бойынша мәселелермен азаматтар жүгінді.

Жеке қабылдау нәтижесінде азаматтарға өз құқықтарын қорғау жөнінде заңнама шеңберінде түсіндірме беріліп, заң көмегі көрсетілді.

Сонымен бірге, жеке қабылдауда болған бірқатар азаматтар Омбудсмен атына өз құқықтарын қалпына келтіру туралы жазбаша шағыммен жүгінуге шешім қабылдады. Жазбаша шағым аясында тиісінше жұмыстар жүргізілетін болады.