Адам құқықтары жайында мақала «Ана тілі» газетінде жарық көрді

Адам құқықтары жайында мақала «Ана тілі» газетінде жарық көрді

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өкілінің «Азаматтық қоғамдағы адам құқы» тақырыбындағы мақаласы республикалық «Ана тілі» газетінде жарияланды.

Мақалада Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл институтының қызметі арқылы адам құқықтарының сақталуы, сонымен бірге азаматтық қоғамның үнін естуге қабілетті мемлекет құру жолындағы жасалып жатқан жұмыстар туралы баяндалған.

Жарияланым халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің және оның өңірдегі өкілдігінің көмегімен азаматтарды олардың құқықтарын қорғау мүмкіндіктері туралы хабардар етуге бағытталған.

Мақаламен келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://anatili.kazgazeta.kz/news/64067