Азаматтарды жеке қабылдау жүзеге асырылды

Азаматтарды жеке қабылдау жүзеге асырылды

ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өкілі А.Ж.Байдуллина жұмыс аптасының әр күні әртүрлі сұрақтармен әртүрлі алаңдарда азаматтарды толассыз қабылдауда.

Осылайша, 2025 жылғы 5 мамырда өкілдік кеңсесінде өткен азаматтарды жеке қабылдау барысында мүгедектігі бар азаматша коммуналдық тұрғын үй  берілуі тәртібіне байланысты бұзушылықтар, лауазымды тұлғалардың әрекетсіздігіне қатысты мәселемен жүгінді.

Жеке қабылдау нәтижесінде азаматтарға өз құқықтарын қорғау жөнінде заңнама шеңберінде түсіндірме беріліп, заң көмегі көрсетілді.

Сонымен бірге, жеке қабылдауда болған мүгедектігі бар азаматша Омбудсмен атына өз құқықтарын қалпына келтіру туралы жазбаша шағымын қалдырды. Жазбаша шағым аясында тиісінше жұмыстар жүргізілетін болады.