Ақтөбе облысындағы әскери полиция бөлімінің гауптвахтасына мониторинг жүргізу

Ақтөбе облысындағы әскери полиция бөлімінің гауптвахтасына мониторинг жүргізу

2025 жылғы 28 сәуірде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ақтөбе облысындағы өкілі А.Ж. Байдуллина адам құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету мандаты аясында Ақтөбе  гарнизоны әскери полиция бөлімінің гауптвахтасына мониторингтік сапар жасады.

Мониторинг барысында әскери қызметшілерді ұстау жағдайлары, олардың құқықтарының сақталуы, медициналық көмекпен және азық-түлікпен қамтамасыз етілуі, үй-жайлардың санитариялық жағдайы, сондай-ақ мекеме қызметінің ұлттық заңнама мен адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкестігі тексерілді.

Монитроринг қорытындысы бойынша әскери қызметшілердің құқықтарын қорғау кепілдіктерін нығайту және ұстау жағдайларын жақсарту бойынша тиісті ұсынымдар берілді.