Студенттерге арналған фундаменталды құқықтар жөніндегі дәріс

Студенттерге арналған фундаменталды құқықтар жөніндегі дәріс

2025 жылғы 25 сәуірде Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ақтөбе облысындағы өкілі А.Ж. Байдуллина ақпараттық технологиялар саласы бойынша білім алып жатқан Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің 2-курс студенттеріне дәріс өткізді.

Дәрістің тақырыбы - «Адам мен азаматтың негізгі іргелі құқықтары» — студенттердің үлкен қызығушылығын тудырды. Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелері, адамның жалпы және ажырамас құқықтары мен бостандықтары, сондай-ақ олардың цифрлық қоғам жағдайындағы маңыздылығы талқыланды.

Іс-шара ашық диалог форматында өтті, студенттер белсенді түрде сұрақтар қойып, болашақ кәсіби қызметінде кездесуі мүмкін құқықтық мәселелерді талқылады.

Мұндай іс-шаралар жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және адам құқықтарын қорғау тетіктері туралы хабардарлықты арттыруға ықпал етеді.