Тергеу изоляторына бірлесіп бару

Тергеу изоляторына бірлесіп бару

2025 жылғы 11 сәуірде Ақтөбе облысы Прокуратурасының бастамасымен, Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өкілі А.Ж. Байдуллинаның қатысуымен облыстық мәслихат депутаттарын Ақтөбе қаласындағы қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінің жай-күйімен таныстыру жүзеге асырылды.

Мәслихат төрағасы Г.Р.Сүйінтаева бастаған бір топ депутаттар апатты жағдайда тұрған №70 мекеме - тергеу изоляторы ғимаратындағы қамауға алынған азаматтардың ұсталуының жағдайларымен танысты.

Мәслихат депутаттарына қамау камералары, санитарлық-тұрмыстық бөлмелер және басқа да ұсталуға арналған нысандар көрсетілді.

Іс-шара туралы бейнесюжетті КТК телеарнасының интернет-ресурсынан келесі сілтеме арқылы көруге болады:

https://www.ktk.kz/ru/news/video/2025/04/17/293937/