Адамның фундаменталды құқықтары бойынша мемлекеттік органдар мен қоғам өкілдері арасында диалог ұйымдастырылды

Адамның фундаменталды құқықтары бойынша мемлекеттік органдар мен қоғам өкілдері арасында диалог ұйымдастырылды

Мемлекет пен азаматтық қоғам өкілдерінің арасында байланыс орнату – Омбудсмен институтының басымдық беретін салалардың бірі және осы ретте 2025 жылдың 16 сәуірінде, адамның негізгі фундаменталды құқықтары аясында  «Адам құқықтары жөніндегі диалог» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. 

Дөңгелек үстел Ақтөбелік құқық қорғаушы-сарапшылар М.Дауылов пен Г.Идигееваның бастамасымен ұйымдастырылды.

Іс-шараға құқық қорғау органдары мен мемлекеттік уәкілетті органдармен қатар, үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері шақырылып, қоғам өкілдері өздерінің сауалдарына мемлекеттік органдардан жауап алды.

Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл институты мемлекет пен қоғам арасындағы дәнекер роліндегі қызметін одан әрі жалғастыра бермек.