
2025 жылғы 10 сәуірде Ақтөбе қаласындағы қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне жүргізілген мониторингтің соңғы кезеңі – РММ «№70 мекеме» (тергеу изоляторы) тексерумен аяқталды.
Мониторингті Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өкілі Байдуллина А.Ж. әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия құрамында өткізді.
Мониторинг аясында тергеу изоляторында күдіктілер мен айыпталушылардың ұсталуының жағдайы, медициналық және құқықтық көмекке қолжетімділік, оқшаулаудың сақталуы және қорғану құқығының қамтамасыз етілуі қаралды.
Мониторинг қорытындылары бойынша әзірленген ұсынымдар 2025 жылғы 11 сәуірде Комиссия отырысында қаралатын болады. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табады.