Мониторингтің аяқталуы. №3 әлеуметтік қызмет көрсету орталығы

Мониторингтің аяқталуы. №3 әлеуметтік қызмет көрсету орталығы

2025 жылғы 9 сәуірде әлеуметтік қорғау саласындағы стационарлық мекемелерге бірлескен мониторинг аяқталды — Омбудсменнің Ақтөбе облысы бойынша өкілі А Ж. Байдуллина  Комиссия құрамында Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты «№3 әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-де болды.

№3 ӘҚКО созылмалы психикалық аурулары бар 18 жастан асқан I және II топ мүгедектеріне арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетеді.

Мониторинг барысында тұру жағдайлары, персонал жұмысы, санитарлық-гигиеналық ахуал, бос уақытты ұйымдастыру және медициналық, оңалту көмегінің қолжетімділігі зерделенді.

Қызмет алушылардың құқықтық қорғалуына, құпиялылық талаптарының сақталуына, персоналмен қарым-қатынас әдебіне және әлеуметтік бейімделу мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.

Қорытындылар мен ұсыныстар 2025 жылғы 11 сәуірде өтетін Комиссия отырысында қаралатын ұсынымдар тізбесіне енгізіледі.