Мониторингтің басталуы. Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы №1

Мониторингтің басталуы. Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы №1

2025 жылғы 8 қаңтарда Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілінің Ақтөбе облысы бойынша Өкілі  А.Ж.  Байдуллина Ақтөбе облысы әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның жұмыс тобының отырысында әлеуметтік қорғау мекемелерінде тұру жағдайлары мен медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша мониторинг жүргізу туралы ұсыныс енгізді. Отырыстың қорытындысы бойынша бұл мәселе Комиссияның жұмыс жоспарына енгізілді.

Осы бастаманы іске асыру аясында 2025 жылғы 9 сәуірде Өкіл Комиссиямен бірлесіп, Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты стационарлық мекеме – «№1 әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-де   мониторинг жүргізді.

№1 ӘҚКО зейнеткерлер мен 18 жастан асқан I және II топ мүгедектеріне арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетеді.

Мониторинг барысында тұрғын бөлмелер, асхана, медициналық және процедуралық кабинеттер, сондай-ақ демалыс және оңалту аймақтары қаралды.

Негізгі назар қызмет алушылардың құқықтарының сақталуына, санитарлық-гигиеналық жағдайға, тамақтану мен медициналық көмектің сапасына, сондай-ақ психологиялық және әлеуметтік қолжетімділік мәселелеріне аударылды.

Монитроринг қорытындысы бойынша анықталған проблемалар мен ұсыныстар 2025 жылғы 11 сәуірде өтетін Комиссия отырысына шығарылатын бірлескен ұсынымдар жобасына енгізілетін болады. Мониторинг жұмысы әлеуметтік қорғау мекемелерінде жалғасатын болады.