
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл алаяқтық әрекеттерге қатысты тағы да ескерту жасады.
«Құрметті азаматтар! Алаяқтар заманауи цифрлық технологияларды пайдаланып, жаңа қулықтарға көшуде. Қазір олар өздерін Уәкіл кеңсесінің немесе оның жұмыс органдарының қызметкерлері ретінде таныстырып, азаматтарға хабарласады.
Осыған байланысты қайта ескертемін: күтпеген қоңырауларға сенбеңіз! Әсіресе, егер әңгіме қаржылық аударымдар немесе құпия ақпарат туралы болса, аса сақ болыңыз. Жеке деректеріңізді ешкімге айтпаңыз, күмәнді сілтемелер мен файлдарды ашпаңыз.
Егер сізде күдік туындаса, бірден Омбудсмен кеңсесінің ресми байланыс нөмірлері арқылы хабарласыңыз»
Есте сақтаңыз: алаяқтардан қорғанудың ең тиімді жолы – қырағылық! Күмәнді қоңырау немесе хат алсаңыз, сөйлесуді тоқтатып, телефон тұтқасын бірден қойыңыз!