
Омбудсменнің Ақтөбе облысы бойынша өкілі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жанжалдардың алдын алуға және реттеуге, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күреске әйелдердің тең қатысуына бағытталған қарарларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 14-тармағын орындау үшін №30238 әскери бөлімінде мониторинг жүргізді.
Осы тармақта әйелдерді, оның ішінде әскери қызметшілердің аналарын және азаматтық қоғам өкілдерін тарта отырып, қоғамдық мониторингтік іс-шаралар жүргізу көзделген.
Ақтөбе қаласында мониторингке Ақтөбе облысы бойынша «Ана жүрегі» сарбаз аналар Комитетінің төрағасы О. В. Старых қатысты.
Мониторинг барысында әскери қызметшілермен кездесу өткізіліп, №30238 әскери бөлімдегі қызмет жағдайларына мониторинг жүргізілді.
Бұл мониторинг жоспарды іске асырудағы және әйелдердің қауіпсіздік пен бейбітшілік саласындағы тең құқықты қатысуын одан әрі қамтамасыз етудегі, сондай-ақ әскери қызмет саласындағы азаматтық бақылауды нығайтудағы маңызды қадам болып табылады.