
Сіздерді Күн мен Түннің теңесуін білдіретін жаңғыру нышаны - Наурыз мейрамымен шын пейілден құттықтаймын!
Бұл мереке – жаңару мен түлеудің, келісім мен татулықтың, несібе мен молшылықтың белгісі.
Осынау жарқын мереке әр шаңыраққа қуаныш, ырыс және бақ-береке әкелсін!
Сіздерге зор денсаулық, мол табыс, тыныштық пен амандық тілеймін.
Әр күніңіз шаттыққа, қуанышты сәттерге толы болсын!
Құрметпен,
Аққалқа Жанғабылқызы Байдуллина
Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің
Актөбе облысындағы өкілі