Тұтқындармен қарым қатынастың халықаралық стандарттарына арналған вебинар

Тұтқындармен қарым қатынастың халықаралық стандарттарына арналған вебинар

2025 жылғы 18 наурызда Қазақстан Республикасының Ұлттық алдын алу тетігінің (ҰАТ) мүшелері үшін «Нельсон Манделаның ережелері: тұтқындармен қарым-қатынастың халықаралық стандарттары және оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық алдын алу тетігінің қызметінде қолдану» тақырыбында вебинар өтті.

Іс-шараның спикері - заң ғылымдарының докторы, ҰАТ Үйлестіру кеңесінің мүшесі Рахимбердин Қуат Хажумуханұлы болды. Вебинар аясында қатысушылар Нельсон Мандела ережелерінің негізгі қағидаларын, олардың тұтқындардың құқықтарын қорғаудағы рөлін және ҰАТ мониторингтік қызметінде осы стандарттарды қолдануды қарастырды.

Талқылау барысында келесі мәселелер көтерілді:
- Халықаралық стандарттарды ескере отырып, бас бостандығынан айыру орындарын мониторингілеу ерекшеліктері;
- Бару барысында анықталған тұтқындардың құқықтарының типтік бұзылуы;
- Қазақстанда сотталғандарды ұстау жағдайларын жақсарту бойынша ұсынымдар.

Қатысушылар тәжірибе алмасып, ҰАТ жұмысының тәуелсіздігі мен тиімділігін арттыру тетіктерін талқылады.