Өкілдің «ҚазАқпарат» – «КазИнформ» Халықаралық ақпараттық агенттігіне берген сұхбаты жарияланды

Өкілдің  «ҚазАқпарат» – «КазИнформ» Халықаралық ақпараттық агенттігіне берген сұхбаты жарияланды

2025 жылғы 28 ақпанда «ҚазАқпарат» – «КазИнформ» Халықаралық ақпараттық агенттігінде Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өкілінің сұхбаты жарияланды.

Сұхбат барысында өкіл Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі Уәкіл институты және оның өңірлік өкілдіктері туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Ол институт азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және ілгерілету үшін құрылғанын және оның аймақтық өкілдіктері азаматтардың өтініштерін қарауда, жанжалды жағдайларды шешуде және халыққа құқықтық білім беруді ұйымдастыруда шешуші рөл атқаратынын атап өтті.

Сонымен қатар, өкіл 2023-2024 жылдардағы жұмысты қорытындылады. Осы кезеңде азаматтардың әлеуметтік, еңбек, мүліктік және өзге де құқықтарды қорғау мәселелерін қозғайтын жүздеген өтініштері қаралды. Халықты құқықтық ағарту бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді, азаматтармен кездесулер, адам құқықтарын қорғау тетіктері туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған семинарлар мен консультациялар ұйымдастырылды.

Қазақстандағы ұлттық алдын алу тетігінің (ҰАТ) қызметі туралы Жеке айтылды. Өкіл ҰАТ – бұл жабық типтегі мекемелерде адам құқықтарының бұзылуын болдырмауға бағытталған тәуелсіз мониторинг жүйесі екенін атап өтті.

Сұхбатпен келесі сілтеме арқылы танысуға болады:https://kaz.inform.kz/news/adam-kukiginin-saktalui-akmderdn-reytingne-aser-etu-mumkn-okl/