Өкіл Ұлттық Ұланның 6655 әскери бөлімінің командирімен кездесті

Өкіл Ұлттық Ұланның  6655 әскери бөлімінің  командирімен кездесті

Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының бiрыңғай жүйесiне кiредi және жеке бастың, қоғам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қолсұғушылықтардан қорғауға арналған.

Осы ретте  бүгін Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өкілі А.Байдуллина Ұлттық Ұланның 6655 әскери бөлімінің командирі Мирас Құдайбергенұлы Тұрдалинмен кездесті.

Өңірдегі адам құқықтарын одан әрі ілгерілету, азаматтарға заңнамадан түсіндірме беру, адам құқықтарының құндылығын дарыту мақсатында өзара іс-қимыл туралы уағдаласу үшін өткен кездесуде өкілдік пен әскери бөлім арасында бірлескен шараларды қолға алу туралы әңгіме өрбіді. Алдағы уақытта бірлесе жүзеге асырылатын жобалар мен мақсаттар талқыланды.

М.Қ.Тұрдалин өз кезегінде бөлімге қарасты 1500-ға жуық азаматқа құқықтық ағарту шараларын бірлесе жүргізуге мүдделілігін білдірді.