Артур Ластаев: Адам құқықтары басымдылығы Конституция жобасының барлық бөлігінде көрініс табады

Артур Ластаев: Адам құқықтары басымдылығы Конституция жобасының барлық бөлігінде көрініс табады

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған сараптамалық кездесуге қатысты.

Өз сөзінде Омбудсмен жобаға енгізілген негізгі жаңашылдықтардың қатарында мемлекеттің ең жоғары құндылықтары болып есептелетін адамды, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтарын қорғауды атап өтті.

«Адамға бағдарлану және адам құқықтарының басымдығы идеялары Конституция жобасының бүкіл мазмұны арқылы өтеді. Олар негізгі қоғамдық институттардың барлығына енгізіліп, мемлекет пен азаматтардың өздері үшін бағдарларды айқындайды», – деп атап өтті Артур Ластаев.

Уәкілдің атап өтуінше, Қазақстан тарихында алғаш рет ел қызметінің қағидаты адам құқықтары мен бостандықтарын мүлтіксіз сақтауға негізделетіні жария етілуде, олар ажырамас әрі айырылмас деп танылады.

Негізгі заң жобасында адамның өмір сүру құқығы барынша абсолюттендірілген, жеке басының қол сұғылмаушылығына, әділ сотқа кепілдіктер күшейтілген, сондай-ақ сөз бостандығына қатысты ережелер нақтыланған.

Артур Ластаев тұрғын үйден айыруға ғана емес, одан шығарып жіберуге де сот шешімінсіз жол берілмейтінін бекітетін нормаға жеке тоқталды.

«Конституция жобасы ең озық халықаралық стандарттарды, ұлттық ерекшелікті және мемлекеттілікті одан әрі дамытудың прогрессивті идеяларын ескереді», – деді Омбудсмен.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл 15 наурызда жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум өтетінін, онда Қазақстан халқы өз елінің болашағын айқындайтынын атап өтті.