
2025 жылғы 4 және 8 желтоқсанда Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өңірлік өкілі А.Ж. Байдуллина ҚР ҚАЖК №70 мекемесінде (тергеу изоляторында) жеке қабылдау өткізді.
Кездесу барысында қамауда отырған 12 азаматтың өтініштері тыңдалып, олардың құқықтарына қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Негізгі мәселелер медициналық қызметке қол жеткізу, ұстау шарттары, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы және шағымдарды қарау тәртібіне байланысты болды.
Өңірлік өкіл әрбір көтерілген мәселе бойынша заңнама аясында жауап беріп, қажетті жағдайда уәкілетті органдарға сұрау жолданатынын және олардың орындалуы бақылауда болатынын хабарлады.