
2025 жылғы 3 желтоқсанда Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Актөбе облысындағы өкілі ұйымдастырған «Омбудсмен+» үлгісіндегі Ұлттық алдын алу тетігінің (ҰАТ) және Уәкілдің жанындағы Үйлестіру кеңесінің қызметіне қатысты жұмыс кездесуі өтті.
Кездесуге полиция департаменті, қылмыстық-атқару жүйесі, қорғаныс саласының басшылығы, сондай-ақ қоғамдық денсаулық сақтау, білім, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармаларының өкілдері қатысты. Сонымен қатар ҰАТ тобының басшысы мен қатысушылары кездесудегі маңызды рольді атқарды.
Іс-шара барысында азаптаудың және өзге де қатал, адамшылыққа жат немесе қадір-қасиетті қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалаудың алдын алу мәселелері, сондай-ақ адамның еркінен тыс ұсталатын орындарда құқықтарын қорғау саласындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту бағыттары талқыланды. Жабық типтегі мекемелерді мониторингтеу және ұстау жағдайларын жақсарту жөніндегі ұсынымдарды іске асырудағы ҰАТ қатысушыларының рөліне ерекше назар аударылды.
Омбудсменнің өңірдегі өкілі мен ҰАТ тобының жетекшісі мемлекеттік органдар мен қоғамның ҰАТ қызметі туралы хабардарлығын арттырудың маңыздылығын атап өтті, өйткені бұл құқықтық кепілдіктерді нығайтуға және халықаралық стандарттардың сақталуына ықпал етеді.
Кездесу қатысушыларына ҰАТ жұмысы туралы бейнероликтер көрсетіліп, тетіктің міндеттері мен өкілеттіктерін түсіндіретін ақпараттық буклеттер таратылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ҰАТ-тың алдын алу функцияларын тиімді жүзеге асыру және азаптауға нөлдік төзімділік мәдениетін ілгерілету үшін осындай іс-шараларды тұрақты түрде өткізу қажеттігін атап өтті.