
«Керек Инфо» тәуелсіз басылымында адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өкілінің мақалаcы жарық көрді. Мақалада жұмыс қорытындылары баяндалып, Омбудсмен институтының әлеуеті мен азаматтардың құқықтарын қорғаудағы рөлі көрсетілген, сондай-ақ медициналық қызмет көрсету және адам құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелер талданады.
Мақалада айтылғандай, биылғы жылы өкілдікке денсаулық сақтау саласына қатысты 19 шағым түскен. Мақалада нақты мысал ретінде Байғанин ауданының бір анасы «E-otinish» сервисі арқылы баласына дұрыс диагноз қойылмағанын айтып шағымданған. Баланы аудандық ауруханаға 5 рет жібере тұра дұрыс ем жасалмаған. Нәтижесінде соқыр ішек жарылып, бала Ақтөбеге жеткізіліп, шұғыл түрде ота жасалған. Екі лауазымды тұлғаға 9830 теңге айыппұл салынды.
Мақалада сондай-ақ мүгедектік алу мәселесі және жабық мекемелерде отырған адамдардың құқықтары қарастырылған.
Мақалада Уәкілдің және оның жергілікті өкілдерінің мекемелерге ескертусіз барып тексеру жүргізуге және азаматтардың шағымдарын қабылдауға құқығы бар екені, сонымен қатар кәмелетке толмаған балалар, қарттар, мүмкіндігі шектеулі адамдар және сотталғандар сияқты осал топтардың құқықтарына ерекше көңіл бөлінетіні атап өтілген.
Мақаланы толық оқу үшін келесі сілтемеге өтіңіз: https://kerek-info.kz/index.php?newsid=457